ӨЗГЕНІҢ АЙЫБЫН ЖАБУ……

0 50
Бірнеше жыл бұрын, адам көп сыныпта бай отбасының бір оқушысының қымбат қолсағаты жоғалып кетеді. Бала жылап отырып мұғаліміне келіп:
— Ағай, сағатымды біреу ұрлап кетті… — дейді.
Мұғалім сыныпқа қарап:
— Сағатты алған адам болса, өз еркімен қайтарып берсін, — дейді.
Бірақ ешкім үн қатпайды.
Мұғалім бұл істің мектеп басшылығына, полицияға жетіп, бір баланың абыройы төгілгенін қаламады. Сөйтіп, бір амал ойлап табады:
— Барлығың орныңнан тұрып, қабырғаға қараңдар да, көздеріңді мықтап жұмыңдар. Мен қалталарыңды бір-бірлеп тексеремін. Айтпайынша, ешкім көзін ашпасын.
Балалар айтқанын орындайды. Солардың ішінде сағатты алған бір кедей бала бар еді. Ол қорқыныштан дірілдеп, маңдайынан суық тер шығады. «Қазір әшкереленемін, масқара боламын, мектептен қуыламын, енді басымды көтере алмаймын» деп ойлайды.
Мұғалім тексере бастайды… бір қалта, екінші, үшінші…
Ақыры әлгі кедей балаға да жетеді. Мұғалімнің қолы қалтадағы сағатқа тиеді.
Бала айқай естимін деп күтті. Бірақ…
Мұғалім сағатты алып, еш кідірместен келесі оқушыға өте шығады.
Ол соңғы балаға дейін бәрінің қалтасын тексеріп шығып, сосын ғана:
— Ал енді көздеріңді ашыңдар. Сағат табылды, — деп, сағатты иесіне қайтарады. Ұрының атын атамайды. Бір сөз де айтпайды.
Сол күн өтті. Мұғалім ол балаға тіпті ишарамен де «сен ұрысың» дегендей қараған жоқ.
Отыз жыл өтті…
Сол кедей бала бүгінде елге сыйлы, табысты азаматқа айналды. Бір күні қартайған мұғалімін көріп, қуана жүгіріп келеді:
— Ұстаз, мені таныдыңыз ба? Мен сол күні сағатты ұрлаған шәкіртіңізбін. Сіз қалтамды тексердіңіз, бірақ мені әшкерелемедіңіз. Сіз менің өмірімді сақтап қалдыңыз. Егер сол күні мені масқараласаңыз, тағдырым мүлде басқа болар еді. Айтыңызшы, қалай сонша кең жүректі бола алдыңыз? Неге сол оқиғадан кейін де маған көзқарасыңыз өзгермеді?
Қарт мұғалім мейіріммен жымиып, оның иығына қолын қойып, бір ғана сөйлем айтады. Ол сөз жігітті орнында тұрып қалғандай есеңгіретеді:
— Балам… шынын айтсам, сағатты сен алғаныңды мен де білмедім. Өйткені қалталарыңды тексергенде мен де көзімді жұмып тұрдым…
Жігіт ұстазының аяғына жығылып, көз жасын тыя алмады.
Бұл — шәкіртінің қателік үстіндегі жүзін де көргісі келмеген, жүрегіндегі әділет пен мейірімді жоғалтпау үшін әдейі «көрмеген» ұстаздың оқиғасы еді…
Түйін, тағылым:
Басқаның айыбын жаба білу — Аллаға жақын жандардың өнері.
Тәрбиелеу тек ақыл айту емес, кейде көрмей өту мен кешіре білуде.
Егер біреудің қателігін көріп тұрып, абыройын сақтасаң — міне, сол кезде адамдық жайлы айтуға болады.
Maksat Skakov парақшасынан
Leave A Reply

Your email address will not be published.