Ауызсу құбырларын жаңарту жұмыстары жалғасуда
Облыс әкімі Берік Уәли Абай ауданының Кеңгірбай би ауылында жүргізіліп жатқан ауыз су құбыры жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты.



«Бұл ауылға бұрын ауыз су тартылған. Мұны екінші кезеңі деуге болады. Екі жылдық жоба аясында қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Осыған дейін 18 колонка орнатылып, су берілген болса, енді ауыз суды аулаларға кіргізу қолға алынып жатыр. Яғни, 148 үйге жеткізіледі», — деді облыс әкімі.
