Тәрбие тұтастығы: ел болашағының негізі
Сарысу аудандық мәдениет үйінде аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Тәрбие тұтастығы: Ел болашағының негізі» тақырыбында ата — аналар форумы өтті. Келушілер алдымен фойеде мектеп оқушыларының қолөнер көрмесі мен түрлі өнер туындыларын тамашалады. Шараға аудандық құқық қорғау органдарының өкілдері, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, ардагер ұстаздар мен ата — аналар қатысты.