«САЛАУАТТЫ УНИВЕРСИТЕТТЕР» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЕКІ ЖАҚТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз университеті арасында «Салауатты университеттер» жобасын іске асыру мақсатында екі жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз университетінде, Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Б.Шиналиев, тәуекелдерді мониторингілеу, талдау және бағалау бөлімінің басшысы Н.Жанабаева, Ш.Мұртаза атындағы ХТУ ректоры М.Сарыбеков және оқытушылар құрамының қатысуымен «Салауатты университеттер» жобасын тәжірибеге енгізу мақсатындағы алғашқы кездесу өтті.

Іс-шараны аша келе, Н.Жанабаева өз баяндамасында «Салауатты университеттер» жобасын таныстырып, жобаны іске асырудың маңыздылығын түсіндіріп, түпкі мақсаты – студенттер мен қызметкерлер үшін қауіпсіз, қолайлы және салауатты орта қалыптастыруды көздейдітініне тоқталып басқа да маңызді міндеттері туралы айтты.
Сонымен қатар, «Салауатты университеттер» жобасы университеттердің имиджін арттырып қана қоймай, студенттердің оқу үлгерімінің жақсаруына, тәртібінің нығаюына және жалпы денсаулық көрсеткіштерінің жоғарылауына оң әсер ететінін айтып, жобада көрсетілген бастамаларды түсіндіру жұмыстарының өзектілігіне қатысушылардың назарын аударды.
Кездесу соңында қатысушылар пікір алмасып, «Салауатты университеттер» жобасын іске асыруда ортақ шешімге келді.