Қала инфрақұрылымын дамыту және тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында биыл Тараз қаласының 43 көшесінде темір бағаналы жарықшамдар орнату жоспарлануда.
Жаңа жарықшамдар түнгі уақытта көшелерді жарықтандырып, жол қозғалысы мен жаяу жүргіншілер үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Аталған жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, қаланың сәулеттік келбетін жақсартуға және өмір сапасын арттыруға бағытталған.