Кездесу

0 50
Тараз қаласы Әулиеата ауданының әкімі Барлық Төреханов №1 аумақтық округінің тұрғындарымен кездесті.
🔹 Басқосу барысында округтің бас инспекторы Нышанәлі Телеуов атқарылған жұмыстарды баяндады.
✅ №1 аумақтық округіне «Астана» (12) шағын ауданы, «Төрткөл», «Дорожник», «Бектөбе» және «Қызылшарық» тұрғын алаптары кіреді. Округ халқының жалпы саны – 42 800 адамды құрайды.
✅ 2025 жылы округ аумағындағы С.Рахимов, Әл-Фараби және «Астана» шағын ауданы №30 үйге кіре берістегі жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Махамбет батыр, Ұлбике ақын, Е.Ниетқалиев, Рысбек батыр көшелері күрделі жөндеуден өтті.
✅ Сондай-ақ Төле би даңғылы №76 және Аппасов көшесі №30 үйлердің аулаларына балалар ойын алаңшалары салынып, «Бектөбе» және «Қызылшарық» алаптарындағы көшелердің түнгі жарық шамдары қалпына келтірілді. Сонымен қатар аталған алаптарға ауыз су тартылды.
🔹 Келесі кезекте тұрғындар тарапынан жарықтың жиі сөнуі, көшелерді асфальттау және өзге де әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы мәселелер көтерілді.
📌 Барлық сауалды мұқият тыңдаған аудан басшысы әрбір мәселе тұрақты назарда болатынын атап айтты.
Leave A Reply

Your email address will not be published.