СПОРТ ОРДАСЫ — АУЫЛҒА ҚУАТ, ЖАСТАРҒА ҚАНАТ

0 41
Қарасазда жаңа ФОК ел игілігіне беріледі
Қарасаз ауылында көптен күткен дене шынықтыру-сауықтыру кешені салтанатты түрде ашылды.
Ашылу рәсімінде аудан әкімі Жалғас Мұртаза құттықтау сөз сөйлеп, ауыл ақсақалдары ақ баталарын берді.
Салтанатты лента аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейтхан Жұмашев пен аудан әкімі тарапынан қиылды.
🏗 Жаңа спорт кешені туралы:
ФОК бір қабатты, жобалық өлшемі 21,0 × 48,5 м, сейсмикалық табанмен бөлінген екі блоктан тұрады.
▪️ Бірінші блокта – киім ауыстыратын бөлмелер, душ және қосалқы бөлмелер
▪️ Екінші блокта – заманауи әмбебап спорт залы
⏱ Спорт залының бір ауысымдағы өткізу қабілеті – 15 адам, жаттығу ұзақтығы 1,5–2 сағат.
Барлық спорттық жабдықтар мен жиһаздар ҚР ҚНжЕ талаптарына толық сай.
🏢 Мердігер мекеме:
«ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС
✨ Жаңа ФОК – ауыл жастарының спортпен шұғылданып, денсаулығын нығайтатын, болашақ чемпиондар түлейтін орда болсын!
Жуалы ауданы
Leave A Reply

Your email address will not be published.