Облыс әкімі Семейдегі №6 гимназияда болды
Аймақ басшысы Берік Уәли Семей қаласындағы №6 гимназияға барып, білім ордасының тыныс-тіршілігімен танысып, өзекті мәселелеріне назар аударды.


Аймақ басшысы мектеп ғимаратын, оқу кабинеттерін, спорт залын аралап көрді. Мектептегі проблемаларды жақсы білетінін айтып, білім ордасындағы өзекті мәселелер кезең-кезеңімен шешілетінін айтты. Білім басқармасына гимназия ғимараттарын жаңғырту бойынша тиісті ұсыныс әзірлеуді тапсырды.
«Мектеп қаланың ортасында орналасқандықтан қосымша ғимарат салатын орын тапшы. Балалардың қауіпсіздігі мен сапалы білім алуы үшін мектептің материалдық-техникалық жағдайын заманауи талаптарға сай жаңартамыз. Әкімдік тарапынан тиісті қолдау көрсетеміз. Бүгінгі күні облыста 7 мың балаға орын тапшылығы бар. Соған орай қосымша жаңа мектептер салынатын болады», – деді облыс әкімі.