Облыс әкімі полиция департаментінің нысандарын аралады
Бүгін аймақ басшысы Берік Уәли облыстық полиция департаментінің Семей қаласындағы бірқатар нысандарын аралады. Полиция департаментінің бастығы Эльдар Данияров құқық қорғау органдары ғимараттарының материалдық-техникалық базасының жай-күйімен, қызмет көрсету жағдайымен таныстырды.




Айта кетейік, бүгінде Абай облысының полиция департаментінде 2 жарым мыңға жуық адам жұмыс істейді.