Президент : «Қыз алып қашу – өрескел, жабайы қылмыс»
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында кісі қолынан қаза тапқан 21 жастағы Нұрай Серікбайды мысал етіп, «қыз алып қашуға» қарсы екенін мәлімдеді.
«Қыз алып қашу – адам ұрлау деген сөз, бұл – ұлтымыздың беделіне нұқсан келтіретін өрескел, жабайы қылмыс. Ондай қатігездікке ешқашан жол беруге болмайды. Жыл өткен сайын халықтың сана-сезімі өсіп, қоғамда азаматтық жауапкершілік деңгейі артып келеді», — деді Мемлекет басшысы.
Sadaq.kz.