Энергетика министрлігі бензин бағасын қымбаттатпауға уәде берді

0 27

Энергетика министрлігі бензин бағасының күрт өсуіне жол бермейтінін мәлімдеді. Ведомство басшысының айтуынша, жанар-жағармай бағасына қатысты енгізілген мораторий отын бағасының өсуін уақытша тоқтатуға мүмкіндік берген.

Министр Ерлан Ақкенженовтің сөзінше, егер 31 наурыздан кейін Үкімет жанармай құю бекеттерінің (ЖҚБ) қызметіне араласпау туралы шешім қабылдап, нарықтық тетікке толық көшу жүзеге асса, онда баға ішкі сұраныс пен ішкі ұсынысқа байланысты қалыптасатын болады.

— Егер Үкімет 31 наурыздан кейін нарық еркіндігіне жол беретін шешім қабылдаса, баға қалыптастыруға ішкі сұраныс пен ұсыныс әсер етеді. Дегенмен біз жанар-жағармай бағасының күрт өсуіне жол бермейміз, — деді министр.

Оның айтуынша, Энергетика министрлігі жағдайды тұрақты бақылауда ұстап, халыққа ауыр салмақ түсіретін баға өзгерістеріне тосқауыл қою үшін қажетті шараларды қабылдайды.

Айта кетейік, жанармай бағасы қоғамда жиі талқыланатын маңызды әлеуметтік мәселелердің бірі болып отыр.

 

 Оzgeris.info.

Leave A Reply

Your email address will not be published.