«Мұғалімнен өш алу?»: Оралдық мұғалім үндеу жасап, дабыл қақты

0 28

Белсенді ұстаз Тілекқабыл Нұрышов Орал қалалық Білім бөліміне қарасты кей мектеп мұғалімдерінің жалақы ала алмай қарызға батып жатқанын және білім саласын басқарып отырған кей кісілердің заңға сәйкеспейтін әрекеттерін айтып, дабыл қақты.

«Жұлдыз Сүлейменова ханым, неменеге ақ тер, көк тер болып  конституциялық комиссия құрамында жұмыс жасап жатырсыздар? Бар, Конституция жұмыс жасамай тұрғанда…

Орал Қаласының Білім Бөлімі не қарасты мектептердің барлығы қаңтар айына толық жалақы алып болды. Тек ШЖҚ (ПХВ) басқаруындағы он шақты мектеп қана айдың соңында «авансты» қанағат тұтып отырмыз. Бұл мектептерде еңбектеніп жатырған педагогтердің, өзге мектептегі әріптестерінен несі кем немесе артық? Жүздеген педагогтердің несиелеріне үстемақы кетіп жатыр.

Қоса кетейін, бұл менің кешегі мәлімдемем үшін «өш алғандары» ма?

Білім Басқармасы неліктен педагогтерді алалауға жол беріп отырғаны түсініксіз.

Әлде мектеп директорларына осыған дейін қолданған әдістерін, енді мұғалімдерге қолдануға әрекеттеніп жатыр ма?!

Каиржан Мендигалиев мырза, Алия Зулкарнаевна Кайржанова ханымды осылай жұмыс жасасын деп алып келіп пе едіңіз?

Облыстың егесі Нариман Төреғалиұлы мырза, Сіз мына әрекеттерден хабардарсыз ба?
Бір кем дүние…»деген Тілекқабыл Нұрышов өзі тұратын аймақтағы келеңсіз жайттарға биліктегілердің назар аударуын сұрады. 

Democrat.kz.

Фото әлеуметтік желіден.

Leave A Reply

Your email address will not be published.