Ажырасу: «Ең үлкен проблема — жыныстық қатынас» дейді психолог
Белгілі отбасылы психолог Ержан Мырзабаев QazaqAiran арнасына берген сұхбатында ажырасулардың басым бөлігі жыныстық қатынас проблемадан болатынын айтты деп жазады Democrat.kz.
«Отбасылардың ажырасуындағы ең басты себептің бірі жыныстық қатынас проблемасынан. Ата енемен бірге тұру, үлкен отбасымен бірге бірнеше отбасының бірге тұруы жаңадан үйленгендерге кедергісін келтіреді.
Жас жұбайлар емін еркін бола алмайды. Осындай детальдардың өзі жас жұбайлардың арасына сызат түсіруі мүмкін. Бұл нені көрсетеді?
Жас жұбайлардың жеке қалуын қажет етеді. Мүмкін болса, жас жұбайларды жеке жіберу керек. Бөлек шығу, шықпау біріншіден жастардың қалауы, ал үлкендердің қарсылығынан болады.
Үлкендер баласын үйленген соң, өз отбасын асырасын деп бөлек шығаруы керек», дейді психолог.
Дайындаған Әлия БОЛАТҚЫЗЫ.
Фото видеодан скринделді.