Тәуелсіздік ұрпақтары

0 38
Бүгін Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің белсенді студенті, «Sherkhan volunteers» волонтерлік клубының жетекшісі Сайлаухан Гаухармен кездестім.
✔️Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен тағайындалған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты бойынша жеңіске жетуімен құттықтап, студент жастардың волонтерлік қызметі мен әлеуметтік белсенділігі жайында пікір алмастық.
✔️Гранттың негізгі мақсаты – белсенді әрі шығармашыл жастарды қолдау. Осы орайда Гаухардың қоғамға қосып жүрген үлесі мен азаматтық ұстанымы университет жастарына үлгі боларлық.
Leave A Reply

Your email address will not be published.