“Аяқтан шалу… Ақыл-есі кем. Назгүлді ұрып-соғады”: Құндыздың қамқоршысы өз шындығын айтты
Желіде 17 жыл бойы құлдықта болған апалы-сіңілілердің бірі Құндыздың қол-аяғы байлаулы күйде жерде жатқан суреті тарап, елді алаңдатып қойды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Құндыз бен Назгүлдің қамқоршысы Зүльфия Төленова оқиғаға қатысты пікір білдіріп, өз шындығын айтты.
«Халқым, желіде тарап кеткен оқиғаны көріп, өзім таң қалып отырмын. Қаншама жыл бойы қаншама балаларды алдым. Мен сіздердің алдарыңызда ақталайын деп отырған жоқпын. Бірақ мына жағдайды кім түсіріп, қалай жібергенін білмей отырмын.
Мынадай жағдай болмады, мен мұндай жағдайда жібермес едім. Мен байлап сондай жағдай жасап жатсам, өзіме-өзім қастандық жасамайтын шығармын. Байлап қойып, балаларды суретке түсірмейтін шығармын. Бұл жағдай ақыл-есі кем болған соң, Құндыз көбінесі Назгүлді ұрып-соғады.
Мүмкін сол байлаған шығар, мен оны білмеймін, бұл үйді бәрі ақыл-есі кем балалар ғой. Мен бұл жағдайдың қай уақытта болғанын да білмеймін, бүгін білдім. Мен балалардың құжаттары, азық-түлігі үшін үйден көп шығып кетемін. Білмеймін, үйге келгенде бәрі тып-тыныш, әп-әдемі отырған балалар болатұғын. Бұл жерде менің аяғымнан шалу немесе ар-намысыма нұқсан келтіру шығар. Мен балаларды асырап, осы күнге дейін өсіріп жіберген қаншама бала-шағам бар. Білмеймін кімнің істегенін, бұл жерде тек аяқтан шалу деп ойлаймын», — деді Зүлфия Төленова.
Alash.kz