Облыс әкімі Глуховка орта мектебінде болды
Аймақ басшысы Берік Уәли Бесқарағай ауданындағы Глуховка орта мектебіне барып, білім беру мекемесінің тыныс-тіршілігімен танысып, өзекті мәселелеріне назар аударды.


«Ауылдық жерлердегі мектептердің білім сапасы, материалдық-техникалық жабдықталуы – әрдайым назарымызда.

Былтыр облыстағы 12 мектепке күрделі жөндеу жүргізілді. Оның ішінде 9 мектеп толық реновациядан өтіп, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, өңірдің өңірдің 75 мектебіне 131 оқу кабинеті, оның ішінде 89 жаңа модификациядағы кабинеттер сатып алынды. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады», – деді аймақ басшысы.