«Халық қатысатын бюджет» жобасына өтінім қабылдау басталды

0 32
Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!
Тараз қаласы тұрғындарының бастамалары мен ұсыныстарының негізінде, қала аумағын көркейтуге және дамытуға арналған өтінім – жобаларды жүзеге асыру бойынша «Халық қатысатын бюджет» жобасына өтінім қабылдау басталды.
🔹Кез келген қала тұрғыны төмендегі жобалар бойынша өз ұсыныстарын Әулиеата және Жібек жолы аудандарының сайтында жарияланған ережеге сәйкес ұсына алады:
— тротуарларды жайғастыру;
— автокөлік тұрақ орындарын үлкейту және азайту;
— бордюрлар мен қырларды ауыстыру және орналастыру;
— тасты жабындарды ауыстыру және қалпына келтіру;
— мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустарды орнату;
— ішкі жолдардың шұңқырларын жөндеу;
— жол кедергілерін орналастыру;
— ішкі жолдардың белгілерін орналастыру және белгілеу;
— контейнер алаңшаларын жөндеу және орнату;
— аумақты көгалдандыру;
— ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру (саябақтар, скверлер жаяу жүргіншілер аймақтары және өзге де объектілер);
— ортақ пайдалану орындарында орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу;
— аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын ), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру.
🔹Әулиеата ауданы бойынша Жобалық ұсыныстар электрондық түрде Әкімдіктің электрондық https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-aulieata… адресіне жіберіледі.
🔹Ал Жібек жолы ауданы бойынша ұсыныс-өтінімдер https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhibekzholy… адресіне жіберіледі
📌Жобалық ұсыныстар мынандай критерийлерге сай болуы тиіс:
— бір өтінім – бір нысан;
— жалпы пайдалану объектісі;
— Тараз қаласы тұрғындары үшін өзекті болуы;
— Мақсаты мен нәтижесінің келісілуі;
— Бір бюджеттік жыл ішінде жүзеге асыру мүмкіндігі.
— Жобалық ұсыныстың жүзеге асырылуы Әкімдік құзіретінің шеңберінде болуы керек.
Leave A Reply

Your email address will not be published.