Көкшетауда сауда орталығында бүлдіршінді жаңажылдық безендіруден тоқ соқты (видео)
Көкшетаудағы ірі сауда орталығында кішкентай баланы электр тогы соққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бүлдіршіннің анасы оқиға 2025 жылғы 22 желтоқсанда сауда орталығының бірінші қабатында болғанын айтты. Әйелдің сөзінше, 1 жас 9 айлық Айсана есімді қызы ешқандай қоршаусыз, келушілерге еркін қолжетімді жерде тұрған жаңа жылдық декорациядан тоқ ұрып, жарақат алған.
Анасының мәліметінше, безендіру құрылғысы адамдар, соның ішінде балалар еркін жүретін аймақта орналастырылған. Оқиға салдарынан бүлдіршіннің алақанының үшінші дәрежелі күйігі анықталған. Бала дереу облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, шұғыл түрде емдеуге жатқызылған.
Анасы қызына қарқынды ем тағайындалғанын, оның ішінде күніне үш рет «Цеф-3» егілетінін айтты. Оның сөзінше, мұндай жағдай қоғамдық орында, қауіпсіздік толық қамтамасыз етілуге тиіс жерде «еш себепсіз, аяқ астынан» болған.
Жарияланымда бұл оқиға көп адам жиналатын орындарда мерекелік конструкцияларды орнату кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуына қатысты сұрақтар туғызатыны айтылған.
Көкшетау қалалық полиция басқармасы фактінің тіркелгенін хабарлады. Жиналған материалдар ведомстволық қарау үшін төтенше жағдайлар басқармасына жолданған.
Ал сауда үйінің әкімшілігі аталған жағдайға қатысты ресми түсініктеме бермеген.
- Қарағандыда ер адам жүріп келе жатқан автобустан құлап кеткен
-
Өскеменде жігітті үйге кіреберіс есіктен тоқ соғып, жансақтау бөліміне түсті
Еске салайық, бұған дейін Қапшағай жанындағы туристік базада 11 жасар бала тоққа түсіп көз жұмғанын жазған едік. Балаға көмектеспек болған адамдарды да тоқ соққан. Әйел адамның айтуынша, клуб маңындағы жабайы жағажайда құмды төбелер мен көзге көрінбейтін салбырап тұрған электр желісінің сымдары бар.