Теннисші Әмір Омарханов Испаниядағы турнирде чемпион атанды
ҚТФ
Теннисші Әмір Омарханов Испаниядағы турнирде чемпион атанды: 24 қаңтар 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Қазақстандық теннисші, 18 жастағы Әмір Омарханов жұптық сында Манакор (Испания) ITF M15 турнирінде топ жарды.
Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген Ә.Омарханов америкалық Гэвин Янгпен бірге төрт матч өткізді.
Қазақстандық-америкалық дуэт жартылай финалда ұлыбританиялықтар Джо Литер — Маркус Вальтерстен 6:2, 6:3 есебімен басым түсті.
Соңғы бәсекеде аустралиялық Тай Хост — ресейлік Егор Плешивцевпен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Бірінші партия 7:5 есебімен аустралиялық-ресейлік жұптың еншісіне жазылды.
Әмір Омарханов жекелей сында екінші айналымда тартысты матчта болгариялық, 17 жастағы Иван Ивановқа жол берді — 5:7, 7:6 (7:3), 3:6.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/275109-tennissi-amir-omarxanov-ispaniiadagy-turnirde-cempion-atandy