Анна Данилина Australian Open турнирінің ширек финалына шықты
Getty Images
Анна Данилина Australian Open турнирінің ширек финалына шықты: 25 қаңтар 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 14 ракеткасы Анна Данилина Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына жолдама алды.
Жарыстың 7-ракеткасы болып тіркелген А.Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге үшінші айналымда аустралиялықтар Майя Джойнт – Сторм Хантерге қарсы келді.
Бірінші партияда корт иелері 4:2 есебімен алға шыққанымен, қазақстандық-сербиялық жұп таразы басын өздеріне аудара алды – 7:5.
Екінші сетте Данилина – Крунич 2:0, 4:1 есебімен алға кетті. Бірақ аустралиялықтар да беріспеді. Дегенмен тай-брейкте қазақстандық-сербиялық жұп жеңісті жұлып алды — 7:6 (8:6).
Ек сағат 13 минутқа созылған тартысты бәсекеде Анна – Александра жұбы 2 эйспен бірге 14 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жібермеді. Джойнт – Хантер 3 брейкпен (13 брейк-пойнт) шектелді.
Анна Данилина – Александра Крунич жартылай финалға шығу үшін доданың 1-ракеткалары, чехиялық Катержина Синякова – америкалық Тэйлор Таунсендпен таласады.
Қазақстанның жекелей сындағы екінші, әлемнің 94-ракеткасы Юлия Путинцева ширек финалдан тыс қалды. Ол әлемнің 27-ракеткасы, америкалық, 18 жастағы Ива Йовичтен ойсырай ұтылды – 0:6, 1:6.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/275122-anna-danilina-australian-open-turnirinin-sirek-finalyna-syqty