«Шешемді «шеше» демеген адаммын»: Айнұр Тұрсынбаева өкінішін айтты (ВИДЕО)
Видеодан скриншот
«Шешемді «шеше» демеген адаммын»: Айнұр Тұрсынбаева өкінішін айтты (ВИДЕО): 25 қаңтар 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Ақын Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, оқырмандарын ойға қалдырды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол жазбасында анасы Манат туралы тебірене еске алды.
«Мені 9 ай 10 күн көтеріп, тар құрсағын кеңітіп, тас емшегін жібітіп тапқан анам – осы кісі… Аты Манат… Бірақ мен қазақтың менталитетімен шешемді “шеше” деп атамаған адаммын. Әлі күнге дейін атымен айтамын. Соған қарамастан, іштей жақсы көремін, жүрегім елжірейді, іздеймін, мейіріміне мұқтажбын», – деп жазды ол.
Ақынның айтуынша, Қарақат Әбілдина орындайтын «Аяулы анам» әні дәл осы анасына арналып жазылған. Сондай-ақ марқұм әжесінің өзіне деген шексіз махаббатын өмір бойы ерекше қызғанышпен көрсетіп өткенін де атап өтті.
«Бүгін Алланың қалауымен анамыз 68 жасқа толып жатыр. Алла бұл кісіні сүйеді. Себебі отбасынан да, балаларынан да тек жақсылық көріп отыр. 11 немересінің сүйікті әжесі», – деді Айнұр Тұрсынбаева.
Жазба соңында ол анасына ізгі тілегін арнап, иман байлығы мен ұзақ ғұмыр тіледі.
«Алла анамызға иман байлығын нәсіп етсе екен, ауырмаса екен деп дұғамнан тастамай отырамын. Ин ша Алла бірге қажылыққа да баратын күн алыс емес. Маған ақылды сіңлілер, сабырлы бауыр туып бергенің үшін мың алғыс. Лайым, аналарымыз аман жүрсін», – деп жазды ол.
Сондай-ақ ақын ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасқа да тоқталып өтті.
«Егер сіздің әке-шешеңізбен қарым-қатынасыңыз әлі салқын болса, олардың қасында өзіңізді ызалы сезінсеңіз, хабарласқаны, шағым айтқаны, ақша сұрағаны, сізден қамқорлық қалағаны жүйкеңізге тисе – шешімі ретрит», – деп түйіндеді ол.
БӨЛІСУ:
Серіктес жаңалықтары
Ұқсас мақалалар
«Өсек пен төсекті әңгіме қылғанша…»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі өзін сынайтындарды орнына қойды
Бүгін, 01:00
«Адамдар мен туралы небір әңгіме айтты»: Айдана Меденова жан сырын ақтарды
24 қаңтар, 2026
«Өз еркімен келген»: Марқұм Нұрайдан жауап алған полиция қызметкері мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
23 қаңтар, 2026
«Тұрсынбек қартайыпты»: Танымал әзілкештің әйелі күйеуінің неліктен егде көрінетінін айтты
22 қаңтар, 2026
«Миллион теңгені әңгіме қылатын қыз…»: Еркебұлан Тоқтар желідегі талқылауға нүкте қойды
22 қаңтар, 2026
«Талаңдар мені»: Жандарбек Бұлғақовтың басы дауға қалды
22 қаңтар, 2026
Көп оқылған
Бүгін, 13:21
Астанада Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті
Бүгін, 12:31
Анна Данилина Australian Open турнирінің ширек финалына шықты
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/275114-sesemdi-sese-demegen-adammyn-ainur-tursynbaeva-okinisin-aitty-video