Bloomberg: Гренландия премьері халықты әскери қақтығысқа дайын болуға шақырды

0 31

сурет: istockphoto.com

Bloomberg: Гренландия премьері халықты әскери қақтығысқа дайын болуға шақырды: 21 қаңтар 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Гренландия премьер-министрі Йенс-Фредерик Нильсен арал тұрғындарын мүмкін болатын әскери қауіп-қатерге алдын ала дайындалуға үндеді. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Әскери қақтығыс болуы екіталай, бірақ оны мүлде жоққа шығаруға болмайды», – деді үкімет басшысы.

Оның айтуынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Гренландия аумағын бақылауға алу жөніндегі мәлімдемелерін жалғастырып келеді. Осыған байланысты билік қауіпсіздікке қатысты қосымша шаралар қабылдауды жоспарлап отыр.

Атап айтқанда, үкімет арнайы жұмыс тобын құрып, халыққа жаңа ұсынымдар таратпақ. Сол кеңестердің бірі – әрбір отбасының үйінде кемінде бес күнге жететін азық-түлік қорының болуы. Билік бұл шараларды сақтық үшін жасалып жатқан қадам деп түсіндіреді.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/274901-bloomberg-grenlandiia-premeri-xalyqty-askeri-qaqtygysqa-daiyn-boluga-saqyrdy

Leave A Reply

Your email address will not be published.