General Motors көлікті көзбен жүргізетін жүйені сынақтан өткізіп жатыр
сурет: istockphoto.com
General Motors көлікті көзбен жүргізетін жүйені сынақтан өткізіп жатыр: 23 қаңтар 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
General Motors қолды қозғалтпай-ақ, тек көзқараспен көлікті жолаққа ауыстыруға мүмкіндік беретін жаңа жүйені сынақтан өткізіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz thedrive.com-ға сілтеме жасап.
Көліктің ішіндегі арнайы камера көздің қозғалысын бақылайды.
Жүйе тек белгілі бір ретпен жасалған қозғалысқа жауап береді: алдымен айнаға, кейін жолға, содан соң қайта айнаға қараса, автокөлік автоматты түрде жолақты өзгертеді. Бұл технология алдағы уақытта жүргізушілердің қолын пайдаланбай-ақ көлікті басқаруына мүмкіндік беретінін көрсетеді.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/275044-general-motors-kolikti-kozben-zurgizetin-zuieni-synaqtan-otkizip-zatyr