«Барыс» мәскеулік ЦСКА-дан жеңіліп қалды

0 27

«Барыс» мәскеулік ЦСКА-дан жеңіліп қалды: 23 қаңтар 2026, жаңалықтар Turkystan.kz

Астаналық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) сырт алаңдағы матчында мәскеулік ЦСКА-мен ойнады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесу басталар алдында ресейлік клуб Шығыс конференциясында алтыншы орында болса, қазақстандық команда оныншы орында тұрған еді.

Алғашқы екі кезеңде шайба соғылған жоқ, ал 59-минутта алаң иелері жеңіс голын соғып, ойынды 1:0 есебімен аяқтады.

Айта кетейік, 24 қаңтар күні «Барыс» қонақта «Нефтехимикпен» кездеседі.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/274995-barys-maskeulik-cska-dan-zenilip-qaldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.