Шаңғышы Александра Скороходова Италиядағы турнирде алтын алды
olympic.kz
Шаңғышы Александра Скороходова Италиядағы турнирде алтын алды: 23 қаңтар 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Қазақстандық спортшы Александра Скороходова тау шаңғысынан Италияның Поцце-ди-Фассе қаласында өткен FIS аясындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Отандасымыз әйелдер арасында слалом сайысында алтын медаль жеңіп алды.
Скороходова 01:39.67 уақыт көрсеткішімен мәреге жетті.
Испаниялық Джун Гаритано Итурбе екінші орынды иеленсе, үздік үштікті АҚШ өкілі Эмма Гуггенхаймер түйіндеді.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/275007-sangysy-aleksandra-skoroxodova-italiiadagy-turnirde-altyn-aldy