ОТАНШЫЛ БОЛУДЫ СӨЗБЕН ЕМЕС ІСПЕН ДӘЛЕЛДЕУ КЕРЕК

0 40
Жалпы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әр Жолдауда, кездесулер мен түрлі жиындарда патриотизм туралы үнемі айтып жүреді. Расында көкірегінде Отанға деген сүйіспеншілігі қалыптасқан әрбір азамат туған жерін, елін, ұлттық құндылықтарын сүю азаматтық парыз. Бүгін Сыр өңірінде өткен V Ұлттық Құрылтайда Президентіміз осы тақырыпты тілге тиек етті.
Өз сөзінде : — Отаншылдық дегеніміз – әрине, Отанға деген сүйіспеншілік деген сөз. Алайда, Отан алдындағы жауапкершілігіңді сезініп, перзенттік парызыңды өтеуге талпынбасаң, «отаншылмын, патриотпын» деген сөзіңнің құны көк тиын болмақ. Қазір қоғамда «Қазақстанның мемлекеттік Туын қайда және қашан қолданған жөн?» деген маңызды мәселе талқыланып жатыр. Бұл мәселе арнайы нормалармен және ережелермен реттеледі. Мемлекеттік рәміздерді пайдалануға жеңіл-желпі, салғырт қарауға болмайды. Заң талабы әрдайым орындалуға тиіс. Дегенмен, ең алдымен, заңның түпкі мәнін терең түсіну керек. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеп, оларды жөнімен пайдаланатын отаншыл азаматтарды барынша қолдау қажет, — деп анық айтты.
Сондықтан, Президентіміздің жеткізген батыл сөзіне әрекет ете білсек, руханиятымыз асқақтай беретіні сөзсіз.
Leave A Reply

Your email address will not be published.