«Заң мен тәртіп – даму мен әділеттіліктің кепілі!» тақырыбында семинар-тренинг өтті

0 12
Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі мен Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп қағидаты» аясында «Құқық бұзушылықтың алдын алу – жастардың ортақ міндеті» тақырыбында студент жастармен  кездесу өтті.
Кездесудің басты мақсаты – жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және заңға деген жауапкершілікті қалыптастыру.
Шараға «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының директоры Қасымхан Төлендиев, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев, Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Айкерім Каукешова, Жамбыл облысы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Диляфруз Кинжеханова мен Жамбыл облысы ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Мұхаммед Қошмағанбетов қатысты.
Кездесу барысында жастар көкейіндегі сұрақтарын қойып, мамандардан пайдалы әрі нақты жауаптар алды. Шара жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және қоғамдағы қауіпсіздікке бейжай қарамауға шақырды. Полиция департаментінің кинология орталығының мамандары арнайы үйретілген қызметтік иттердің қатысуымен қойылым көрсетіп, есірткі заттарын анықтау және шабуылдаушы иттердің жұмыс барысын таныстырды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.