Кемпір берсең қыз аласың, көлік берсең үй аласың
Енді мініп жүрген көліңізді де жылжымайтын мүлік аларда төлем орнына өткізе аласыз. Бүгін BI Group және Aster компаниялары тиісті келісімге қол қойды.
Нұрлан Оңғарбаев, BI Group компаниясының қаржы технологияларын дамыту жөніндегі басшысы:
– Мысалы, пәтер құны 20 млн деп алайық. Бір немесе екі бөлмелі пәтер болсын. Сіздің қолыңызда 5 млн болса, автокөлігіңіз сондай сома тұрса, қолыңызда 10 млн теңге бар деп есептейік. Қалған соманы сіз ипотека арқылы немесе біздің компанияның рассрочка бағдарламасы арқылы пәтерді сатып ала аласыз.
«Trade-in Аuto» бағдарламасы бойынша көлік құнын бағалау алдымен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында жүзеге асады. Кейін Атырау мен Ақтауда да бұл қызметті пайдалануға болады. Бағдарлама азаматтардың «үйлі болсам» деген арманын аз уақытта орындауға мүмкіндік береді. Себебі «көлікті кімге және қалай сатамын» деп әуре болудың қажеті жоқ.
Илья Буланов, Aster компаниясының бас директоры
– «Би-ай груп» компаниясынан пәтер таңдап алған соң біздің орталыққа келесіз. Көліктің қай түрін болмасын өндірушісіне, тарихына қарамастан қабылдаймыз. Қызметкерлеріміз санаулы уақыт ішінде құнын анықтап береді. Тағы бір жолы: барлық рәсімдерді астер.кз порталы арқылы онлайн орындау. Мамандар бұл басты базына, баспана мәселесін шешуде тиімді тетік боларына сенеді. Тек тұрғын үй ғана емес, жылжымайтын мүліктің кез келген түрін осы тәсілмен сатып алуға болады.