Басты мақсат-нақты нәтижеге қол жеткізу

0 22
Облыс әкімі басқарма басшыларын қабылдап, есебін тыңдап жатыр
Аймақ басшысы Берік Уәли 12 қаңтардан бастап бекітілген кестеге сәйкес басқарма басшыларын қабылдап жатыр.
📊Қабылдау барысында басқарма басшылары 2025 жылы қойылған міндеттердің орындалуы және қол жеткізілген көрсеткіштер, биылғы жылдың жоспарлары, саладағы өзекті мәселелер туралы баяндауда. Президент тапсырмаларының іске асырылуына, бюджет қаражатының игерілуіне, негізгі көрсеткіштер мен индикаторлардың, мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың орындалуына баса назар аударылады.
Облыс әкімі қабылдауда қойылған міндеттердің уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді, жобаларды іске асыруға бақылауды күшейтуді және нақты нәтижеге қол жеткізуді тапсырды.
➡️Қабылдау қорытындысында өңірдің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары шығарылып, басым бағыттар бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелері талданады. Жекелеген салалардың дамуын тежеп отырған проблемалық мәселелер айқындалып, оларды шешу жолдары ұсынылатын болады.
📌Аймақ басшысы басқарма басшыларын қабылдап болған соң кестеге сәйкес аудан және қала әкімдерін қабылдауды бастайды. Алдағы дүйсенбіде жыл қорытындысы бойынша басқарма басшылары және аудан-қала әкімдерінің қатысуымен кеңейтілген әкімдік отырысы өтеді.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Leave A Reply

Your email address will not be published.