Stan.kz
Шымкентте төбелестен қаза тапқан ер адам жайлы тың дерек шықты: 21 қаңтар 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Шымкентте жол үстінде басталған жанжал төбелеске ұласып, соңы адам өлімімен аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Шымкентте жол үстінде басталған жанжал төбелеске ұласып, соңы адам өлімімен аяқталды. Бұл туралы Stan.kz жазды.
Оқиға Ерімбетов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Hyundai Sonata көлігінің артқы бамперіне Toyota Camry жеңіл соққы жасап, кейін екі жақ арасында жанжал шыққан.
Көп ұзамай оқиға орнына келген Lexus LX-570-тен түскен бірнеше адам Hyundai жүргізушісі Нұрмахан Ешанқұлов пен оның жолаушыларын соққыға жыққан. Төбелес кезінде Мақсат Көшкенбаев мойнынан пышақ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілген, ал Василий Колесниковты белгісіз адамдар күштеп көлікке отырғызып, алып кеткен.
Шамамен екі сағаттан соң Колесниковтың денесі Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлановка ауылында ауыр жарақатпен табылды. Марқұмның танымал күрес жаттықтырушысы Александр Колесниковтың ұлы екені белгілі болды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ол оқиғадан бір күн бұрын марқұм болған әйелінің жылын өткізген. Полиция бес күдіктіге іздеу жариялап, істі Шымкент ПД басшылығы бақылауына алған.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/274922-symkentte-tobelesten-qaza-tapqan-er-adam-zaily-tyn-derek-syqty