Ермұхамет Ертісбаев: Барлық қазақ соғысқа аттанады, ал олар мың-мыңдап жер жастанады!
Саясаткер Ермұхамет Ертісбаев Ресей мемлекеттік думасының депутаты Владимир Жириновскийдің «Павлодарды түбі қайтарып аламыз»
Мұның алдында Е.Ертісбаев еліміздің Бас прокуратурасын Жириновскийдің үстінен қылмыстық іс қозғауға шақырған-ды.
В.Жириновский
Nege.kz Ермұхамет Ертісбаевқа төмендегідей төрт сұрақ қойды. Жауап қысқа да, нұсқа болды:
– Жириновскийдің үстінен талап-арыз түсіруге дайынсыз ба?
– Талап-арыз беріп жатпаймын. Дебатқа шығуға дайынмын!
– Ал Федоров пен Никоновты қайда қоямыз, сонда?
– Әлгі никонов пен федоровтарға бірдеңе істеудің де қажеті жоқ.
– Соңғы кездері ресейлік саясаткерлердің қазақ жеріне көз алартуы Кремльдің ұстанған саясаты емес пе?
– Мұны Кремльдің шынайы саясаты деп ойламаймын. Олар өз жерін әлі алдағы 100 жылда да игеріп ала алмайды.
– Еліміздің солтүстігінде «жасыл адамдар» пайда болып жүрмей ме?
– Қазақстанның солтүстігінде «жасыл адамдардың» пайда болуы екіталай. Онда барлық қазақ соғысқа аттанады. Олар мың-мыңдап жер жастанады.
Бұл тәуекелге тұрарлық нәрсе ме? Жоқ!