«Жылдамдықты әдейі асырады»: Таразда 155 рет ереже бұзған «Toyota Camry» иесі қолға түсті

0 37

Жамбыл облысының полициясы 155 рет, соның ішінде 126 рет жылдамдықты әдейі асырып ереже бұзған «Toyota Camry» көлігінің иесін ұстады.

Полиция әртүрлі жердегі камералар арқылы көліктің әдейі ереже бұзған сәттерін көрсеткен.

«Жүргізуші жолдағы басқа адамдардың өміріне қауіп төндіре отырып, 126 рет әдейі жылдамдықты асырған. Сондай-ақ, 29 рет «тоқта сызығы» сияқты жол белгілері талаптарын сақтамай, ережелерге немқұрайлылық танытқан», — деп хабарлайды полиция.

Биыл 16 күн ішінде бұл көлік иесі 18 рет ереже бұзып үлгерген екен.

«Жүргізуші Әкімшілік кодекске сай жауапқа тартылды. Көлік айып тұрағына қойылды», — деп хабарлайды Жамбыл облысының полициясы.

Жүргізушіге неше теңге сомада айыппұл салынғаны белгісіз.

Фото: скриншот
Leave A Reply

Your email address will not be published.