«Күшік күйеу»: Желіде «ұзатылған жігіттің» видеосы тарады
Әлеуметтік желіде «ұзатылу тойы» өткізілген жігіттің видеосы қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.
Видеода кәдімгідей сыңсу, ұзату әні шырқалып, жігітті қолтықтай шығып, көпшілік алдына шығарады.
Қолтықтай шыққан да, «ұзатылып жатқан еркек» те ел назарын өздеріне бірден аударды.
«Гейлердің тойы ма, бұл не?», «мынау не сұмдық?», «намыс қайда, жігіттер?», «күшік күйеу болып бара жатыр ма біржолата», «қалжың болса да, өте ұят тірлік» дегенге саятын пікір жазған жұрт жаға ұстауда.
Дайындаған Ұлжан БОЛАТҚЫЗЫ.