«КРЕЩЕНИЕ ГОСПОДНЕ» ДІНИ РӘСІМІ ӨТКІЗІЛДІ
Қаңтар айының 18 мен 19 на қараған түні әлемнің барлық православие өкілдері Крещение Господне мерекесін атап өтеді. Бұл күн проваслав қауымы үшін айрықша рөлге ие. Бұл 2000 жылдан бері өзгермей келе жатқан православ христиандарының діни мерекесі. Крещение – суға малу, яғни крестті суға малу дегенді білдіреді. Суға кресттің малынуы суды тазартып, әлгі су ерекше қасиетке ие болады делінеді. Бұл наным — сенім христиандарға тән. Крест малынған бұл су – Йордан сулары деп аталады. Себебі, Иса Пайғамбардан бастап ең алғаш шоқынушылар Йордан өзеніне шомылған көрінеді.

