Абай ұлттық мектебі тарихындағы жаңа кезең басталды
Мемлекет және қоғам дамуында айшықты рөлі бар Абай ұлттық мектебі дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Білімнің қасиетті қарашаңырағы Алматы қаласындағы әсем, заманауи жаңа ғимаратқа көшірілді. Бұл — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жүйелі әрі нәтижелі саясатының, «Әділетті Қазақстан», «Заң және тәртіп» қағидаттарының нақты іске асып жатқанының айқын дәлелі. Жаңа мектеп ғимараты инфрақұрылымдық жаңарумен бірге, болашақ ұрпаққа жасалған инвестиция, сапалы білім мен тең мүмкіндіктерге жол ашатын маңызды қадам.