Қайрат Сәтжанов бапкерлік жұмысын шетелде жалғастыруы мүмкін

0 23

ҰОК

Қайрат Сәтжанов бапкерлік жұмысын шетелде жалғастыруы мүмкін: 15 қаңтар 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Бес күн бұрын Қазақстан бокс құрамасының бас бапкері қызметінен босатылған Қайрат Сәтжанов жұмысын шетелде жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды turkystan.kz.

10 қаңтар күні Қазақстан бокс федерациясы Қайрат Сәтжановты денсаулығына байланысты қызметінен кеткенін мәлімдеген болатын.

Алайда Қайрат Тұрсынқанұлының қызы бұл нұсқаны жоққа шығарды.

Sportarena.kz-тің жазуынша, ТМД елдерінен бірнеше адам Қайрат Сәтжановпен байланыс орнатып, оған шетелде жұмыс ұсыну мақсатында қазақстандық топ-бапкермен жолықтыруды сұраған.

«Әрине, мен Қайрат ағаның телефон нөмірін бердім. Өздері сөйлессін. Бірақ әзілдеп, оның денсаулығына қатысты мәселе бар деп айттым. Сонда екі елдің өкілдері де бұл нұсқаға сенбейтінін айтты. Керісінше, оны қызметтен босатқан адамдарға алғысын білдірді. Себебі енді жастармен де, ересектермен де өзін жақсы қырынан көрсеткен маманға жұмыс ұсынуға мүмкіндік туды. Олар үшін Қайрат Сәтжановтың Қазақстанға қажет болмай қалғаны түсініксіз. Ал басқа елге қажет болуы әбден мүмкін», – деді инсайдер Sportarena.kz тілшісімен әңгімесінде.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/274574-qairat-satzanov-bapkerlik-zumysyn-setelde-zalgastyruy-mumkin

Leave A Reply

Your email address will not be published.