Ұлытау мен Қызылорда облысында жол жабылды

0 33

istockphoto.com

Ұлытау мен Қызылорда облысында жол жабылды: 15 қаңтар 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

2026 жылғы 15 қаңтар сағат 17:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді:

Ұлытау облысы

— «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 216-424 шақырым аралығындағы учаскесі (Қызылорда облысының шекарасынан Жезқазған қаласына дейін).

Қызылорда облысы

— «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 12-216 шақырым аралығындағы учаскесі (Қызылорда қаласынан Ұлытау облысының шекарасына дейін).

Жолды 2026 жылғы 16 қаңтар сағат 07:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/274578-ulytau-men-qyzylorda-oblysynda-zol-zabyldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.