Он үш жастағы қазақстандық футболшы Испанияның аймақтық құрамасына шақырту алды

0 24

Фото: Ғабидолла Оразалы

Он үш жастағы қазақстандық футболшы Испанияның аймақтық құрамасына шақырту алды: 15 қаңтар 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Он үш жастағы қазақстандық футболшы Ғабидолла Оразалы Испанияға қарасты Валенсия автономды қауымдастығының жасөспірімдер құрамасына шақырту алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

ASnews.kz-тің мәліметінше, Ғабидолла Валенсия U-14 құрамасының сапында алғашқы жаттығуын өткізді. Бұл командаға «Эльчеден» бастап «Вильярреалға» дейінгі жергілікті академиялардың үздік ойыншылары жиналған.

Айта кетейік, Ғабидолла Оразалы испаниялық «Валенсия» клубы сапында 2024 жылдан бері доп теуіп келеді. Биылғы маусымда 15 кездесуде 12 гол соғып, нәтижелі ойынымен көзге түсті.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/274576-on-us-zastagy-qazaqstandyq-futbolsy-ispaniianyn-aimaqtyq-quramasyna-saqyrtu-aldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.