Тоқсанды алқымдаса да тың

0 58
Биіктікті қыранының қанатымен өлшейтін өр Атырауға сапарымның аясында аты аңызға айналған алып тұлға, көрнекті компазитор, қарымды қаламгер Ілия Жақанов ағамыздың шаңырағына барып, амандасып шықтым!
Саналы ғұмырын қазақтың жоғын түгендеуге арнап, түркі жұртының бірлігін бекемдеуге еңбек сіңірген санаткердің жүрген жолы – нағыз зиялылықтың, қажырлы қайраткерліктің жолы.
Тұмса талант иесінің әндеріне барша халқымыз тербеліп өсті. Қазақпен қатар айыр қалпақты ағайын, қырғыз жұрты да Ілия ағамызды көгіне көтеріп, қадірлейді.
Ағамыздың болмысы асыл екен. Тоқсанды алқымдаса да тың. Талай дүниені қаузап, абызға тән даналығымен бөлісті. Екі ғұмырға жететін рухани байлық еншілеп қайттық.
Қазыналы қарттарымыз аман болсын!
Қазақ елі жасай берсін!
Leave A Reply

Your email address will not be published.