«Өзіміз шешіп жатырмыз!

0 34

Халықаралық іздеу жарияланды: Хакер тағы да маңызды мәлімдеме жасады.

Әлеуметтік желіде Атырау облысында із-түзсіз жоғалған отбасының тағдырына қатысты түрлі болжамдарды жариялап жүрген, өзін «хакер» деп таныстырған азаматқа халықаралық іздеу жарияланды. Бұл ақпаратты өңірлік полицияның баспасөз қызметі растады.

Әлеуметтік желілерде «Атыраулық хакер» атымен танылған ер адам халықаралық іздеуде жүргенін өзі де ашық мәлімдеген. Кейін бұл деректі Атырау облыстық полиция департаменті ресми түрде растады.

Құқық қорғау органдарының нақтылауынша, аталған азаматқа қатысты іздеу шаралары алаяқтық фактісі бойынша жүргізіліп жатыр. Бұл іс Атырау облысында жоғалған отбасыға байланысты қозғалған қылмыстық іспен байланысты емес.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті қазіргі уақытта шетел аумағында бой тасалап жүр.

Осыған байланысты «хакер» өз парақшасында пікір білдіріп, жағдайға түсінбейтінін жазды.

«Мен 2 500 000 теңге қарыз үшін адамды Интерпол арқылы іздеуге жариялаған жағдайды бұрын-соңды көрмеппін. Іздеу кезінде бұл сома нақты көрсетілген. Ал бұл ақшаның кімге қарыз екені жөнінде ҰҚК-нің бір қызметкері үйіме келіп, арыз жазуымды сұрады. Бұл не болып жатыр өзі? Команданы шақыруға тура келді, мәселелерді өз бетімізше шешіп жатырмыз», – деп жазды ол.

 Arasha.kz

Arasha.kz коллажы / ЖИ

Leave A Reply

Your email address will not be published.