“Жасанды интеллект – білімге ұмтылыстың жаңа келбеті”

0 30
Бүгін Қаратау қаласында #1 лицейде жасанды интеллект негізінде жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы білім беру мазмұнына енгізу жұмыстарын насихаттау және тәжірибе алмасу мақсатында аудандық семинар өтті.
Жиынның мақсаты – білім саласына жасанды интеллект технологияларының озық үлгілерін енгізу.
Семинарға Қаратау қаласында орналасқан мектептер мен Тау аймағының мектептері қатысты.
Семинарға қатысушылар мектептегі білім беруде жаңа технологияларды келешекте дамытуды талқылауға мүмкіндік алды.
Олар сондай-ақ оқу процесіне практикалық қолданбалы психологияны енгізу тәжірибесімен алмасты.
Ол жасанды интеллекттің әлеуеті мен мүмкіндігін көрсетіп қана қоймай, психологиялық әсердің маңыздылығын да атап өтті.
Мұндай іс-шара педагогтердің біліктілігін арттыруға ықпал етіп қана қоймай, білім беру мекемелері үшін инновациялық идеяларды жүзеге асыруға ынталандырады.
Осындай іс-шаралар мен семинарлар жиі өткізіліп, білім беру жүйесін одан әрі дамытуға және ақылды оқушылардың зияткерлік және шығармашылық дағдысын қалыптастыруға ықпал етеді деп үміттенеміз.
Талас аудандық білім бөліміің басшысы
Leave A Reply

Your email address will not be published.