Қазақстандық блогерге халықаралық іздеу жарияланды

0 25

Қаржылық мониторинг агенттігі блогер Қамза Қайсарға халықаралық іздеу жариялады.

Агенттік мәліметінше, блогерге қатысты сотпен «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған. Ол заңсыз ойын бизнесіне жәрдемдесті деген күдікке ілінген.

Күдікті әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін «Pinco» сайтында тіркелуге және құмар ойындарға қатысуға бағытталған тікелей сілтемелерді, графикалық элементтерді және үндеулерді қамтитын бейнематериалдар мен жарияланымдарды жүйелі түрде орналастырған. Сонымен қатар бейнероликтердің астында пайдаланушыларға бонус беретін жеке промокодын көрсеткен.

Осылайша, Қамза Қ.Б. азаматтарды құмар ойындарға тартуға бағытталған онлайн-платформаны жарнамалап, ойын платформасынан сыйақылар, бонустар немесе пайыздық аударымдар түрінде табыс алып отырған.

Заңсыз жолмен алынған кірістерді жасыру мақсатында күдікті криптоәмиянды пайдаланған. Оған «Pinco» интернет-казиносының ұйымдастырушыларынан төлемдер түсіп отырған.

Сот санкциясымен 182 736,741 USDT көлеміндегі криптоактивтерге тыйым салынды.

Сондай-ақ агенттік өкілдері іздеуде жүрген азамат туралы қандай да бір ақпарат белгілі болса, +7 7172 70 84 78 байланыс нөмірі арқылы хабарлауды сұрайды.

Minut.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.