«Балам имам болды» деген апа вокзалда түнеп, далада қаңғып жүр

0 42

Алматының вокзалында түнеп, далада қаңғып жүрген апа үш жылға жуық осылай күн кешіп жатқанын айтады. Жалғыз ұлы шешесін баға алмаған, не болғаны туралы блогер Нұрсұлтан Сунадиллаев арнайы барып, танысып қайтыпты деп жазады Democrat.kz.

Алматының вокзалын жағалап, қаңғып жүрген апаның айтуынша, жалғыз ұлы мешіттің имамы болған. «Келін үйге келгеннен «бірге тұрмаймын» деді. Жалғыз балам ғой, қайтейін, аман болсын. Соларда бәрі жақсы болсын деп, осылай үйден кеттім.

Бұған ешкімді кінәламаймын. Бәріне мен кінәлімін. Балам баста келіп тұрды. Үйіне апарады. Келін «балаларға үлгі болмайсың» деп қайта кетіреді. Осылай сандалып жүрдім ғой. Араласпай қоймады ғой, келіп, көмектесіп тұрды балам.

Үш бөлмелі үйі бар баламның. Оларға салмақ салмай, қарттар үйі ме, сондай бір жерде тұрсам», деген апаның иегі кемсеңдеді.

Блогер Нұрсұлтан Сунадиллаев бірнеше күн тиісті жерлерге хабарласып, нәтижесінде апаны жылы, жайлы жерге орналастырғанын айтып, хабарлама жасады.

Фото видеодан скринделді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.