«Қоршаған орта және заң» тақырыбында тағылымды баяндама ұйымдастырылды

0 12

«Заң және тәртіп» қағидасы аясында Жуалы аудандық жастар орталығы қызметкерлері мен Қызыларық ауылдық Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп оқушыларына арналған «Қоршаған орта және заң» тақырыбында тағылымды баяндама ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында батыр Бауыржан Момышұлының
«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген ел құл болмайды»
деген қанатты сөзі кеңінен насихатталып, оның бейбіт өмірде де, сұрапыл соғыс жылдарында да қатал тәртіп пен заңды бұлжытпай орындауды басты қағида еткен ерлігі мен өр рухы сөз болды.

Жастар батырдың темірдей тәртібі, отансүйгіштігі мен шыншылдығын үлгі тұтып, күнделікті өмірдегі тәртіп пен заңға бағынудың қоғам мен қоршаған ортаны қалыптастырудағы маңызын талқылады. Пікір алмасу барысында тәртіпсіздікті тыю, заңды сақтау арқылы қоғамға серпін беруге болатыны айтылды.

Шара қатысушылары ерекше әсер алып, Бауыржан бабамыздың ерен ерлігі мен қатал тәртіпке негізделген өмір жолына қызығушылық танытты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.