Ертіс өзенінде балықтардың не себепті қырылғаны белгілі болды

0 512

Естеріңізге сала кетейік, 9 сәуір күні балықтардың қырылуы Самал саябағы ауданындағы Ертіс өзенінің арнасында тіркелген. Бөлім мамандары Балық шаруашылығы институты, Балық инспекциясы, Табиғи ресурстарды басқару және Ветеринарлық инспекция қызметкерлерімен бірге оқиға орнына барды.

Осыған қатысты «Балық шаруашылығы ҒӨО» ЖШС-нің Алтай филиалы, ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Орман және аңшылық шаруашылығының жедел қимыл жасағы және Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері сол жерге барып тексеру жүргізді. Өзеннен 30 келі балық жиналған. Сондай-ақ талдау жүргізу үшін су мен балықтан сынама алынды.

«Балық шаруашылығы ҒӨО» ЖШС Алтай филиалының 13 сәуірдегі №01-037/49 хаттамасына сәйкес торта, табан, алабұға балықтарының қырылғандығы анықталды. Ал балық өліктері арасынан мөңке табылмаған. Биологиялық талдау нәтижелері бойынша балықтарда сыртқы және ішкі зақымданулар болған жоқ. Ішкі органдары патологиялық өзгеріссіз», делінген ШҚО бойынша Экология департаменті таратқан мәліметте.

Сондай-ақ химиялық талдауға сәйкес, өзенде ауыр металдар көрсеткішінің асуы анықталмаған. Қыста гидрологиялық деңгейге байланысты (0,4 – 0,6 м) су қатып, нәтижесінде балықтар қырылды. Ихтиологтардың пікірінше, бұл табиғи процесс.

 egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.