Тауар бағасын тұрақтандыру бойынша жұмыс жүруде

0 309

Негізгі азық-түлік емес тауарлар бағасын тұрақтандыру бағытында дәрі-дәрмектер, коммуналдық қызмет түрлері, жанар-жағар май түрлеріне мониторингтер жүргізіліп, олардың тұтынушыларға қол жетімді шараларын ұйымдастыру бағытында облыстық басқарма тарапынан ұсынылған тәртіпке сәйкес жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Осы орайда күні кешегі өткен аппараттық кеңесте көтерілді. Онда аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев төрағалық етіп, бүгінгідей індеттің алдын алу, күресу кезеңінде азық түлік емес тауарлардың бағасы да бақылауда болып, тиісті жұмыстар атқарылуы керектігі баса айтылды.

Баяндамашы Сарысу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы — Шалабаев Бейсен Қалиханұлы Негізгі азық-түлік емес тауарлар бағасын тұрақтандыру бағытындағы жұмыстарды атап өтті.

Дәрі-дәрмек туралы қазіргі таңда ауданда 11 дәріхана жұмыс жасауда. Оның 3-і Саудакент аулында, 7-і Жаңатас қаласында, 1-і Тоғызкент Ауылдық округтерінде орналасқан.

Сарысу ауданы аумағында ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі бекіткен № ҚР ДСМ-3/2020 дәрі-дәрмектердің шекті бағасы бойынша ауданда орналасқан дәріханаларға арнайы жасақталған мониторингтік топтың жүргізген зерделеу жұмысының нәтижесінде аудандағы барлық дәрі-дәрмектердің шекті бағаларына сәйкес жұмыс жасауда.

Тараз Әлеуметтік кәсіпкерлік копорациясы және СК Фармация ұйымдарымен 3 дәріхана келісім шартқа отырған. Олар: «Ержанов», «Мерей» және «Нұртілеу» дәріханалары.
Сондай-ақ, коммуналдық қызметтер, жанар-жағар май, газ, газ туралы да ақпараттар баяндамада айтылды.

shanyraq.info

Leave A Reply

Your email address will not be published.