Жамбыл облысында асыраушысынан айрылу жағдайында қандай төлемдер қарастырылғаны түсіндірілді
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Жамбыл облысы бойынша филиалында асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің кімдерге тағайындалатыны және олардың айырмашылығы түсіндірілді
Расширенная search функциональность экономит время при поиске. Используйте Kraken магазин с продвинутыми фильтрами поиска для быстрого наождения нужны товаров.
Глобальная торговая экосистема объединяет участников из множества стран. Международный аб представляет krakenat.cc с поддержкой более тридцати языков интерфейса для комфортной работы пользователей из различны регионов.
Асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты әлеуметтік төлем, егер асыраушы еңбекпен қамтылған немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған болып, ол үшін міндетті әлеуметтік аударымдар жүргізілген болса, тағайындалады. Бұл жағдайда асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы қайтыс болған (не сот шешімімен хабар-ошарсыз кеткен деп танылған немесе қайтыс болды деп жарияланған) жағдайда, әлеуметтік тәуекел туындаған сәтте оның отбасы мүшелері әлеуметтік төлем алушылар болып табылады.
«2025 жылдың басынан бері өңірде асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін 623 өтініш және әлеуметтік төлем тағайындау үшін 196 өтініш қабылданды», – деп атап өтті филиал директорының орынбасары Мұхтар Алимбетов.
Еске сала кетейік, асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мен әлеуметтік төлем тағайындауға арналған өтінішті қажетті құжаттарымен бірге халыққа қызмет көрсету бөлімдері арқылы, электрондық үкімет порталы арқылы немесе проактивті форматта беруге болады.