Жыл соңына дейін 4 елді мекенге ауызсу тарту жоспарлануда
Қордай ауданы әкімдігі тарапынан жалпы құны 8,6 млрд теңгені құрайтын 10 елді мекенде ауызсу желілерінің құрылысы аяқталды. Бүгінгі таңда тағы 4 елді мекенде – Шарбақты, Күнбатыс, Алға және Гвардейск ауылдарында ауызсу құрылыстары қарқынды жүргізілуде.
Сонымен қатар 9 ауылды сумен қамту мақсатында жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге жобалаушы мекемелермен келісімшарттар жасалды. Биыл 36 ауылды сумен қамту жоспарлануда.