Тұрғын үй құрылысы қарқынды

0 77

Байзақ ауданында халық санының жыл өткен сайын көбеюіне байланысты тұрғын үй мәселесі өзекті болып отыр. Былтыр ғана Сарыкемер ауылынан 60 пәтерлі 6 тұрғын үй пайдалануға берілген еді. Жақын күндерде екі пәтерлі 20 үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Сондай-ақ 5 қабатты, 60 пәтерлі тағы бір үй бой көтерді. Мұндағы пәтерлер 1, 2, 3 бөлмелі екен.
Аталған үйді Жамбыл Сырлыбекұлы басқаратын «Ғимарат темір бетон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылысшылары ауылдың күн батыс жағындағы жаңадан соғылған төрт жаңа үйдің жанынан жеке меншік әдісімен соғуда.
-Біз құрылысты маусым айының ортасында бастаған едік. Енді міне өздеріңіз көріп отырғандай екінші қабатты бітіріп, үшінші қабатқа кірісіп жатырмыз. Бізде құрылыс материалдары жеткілікті, техникаларымызда бар. Сондықтанда жұмыс жоспарға сәйкес жүргізілуде. Бұл үйді қараша айында пайдалануға беретін боламыз,-деді құрылыс басында кездескен құрылыс учаскесінің басшысы Бексұлтан Берікжанұлы.
Үлкен үй құрылысын соғуға 40 жұмысшы тартылған. Олар уақытпен санаспай еңбек етуде. Олардың бүгінгі ширақ қимылдарына қарағанда көп ұзамай-ақ ауданымыздың тағыда  60 азаматы қоныс тойларын тойлайтын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.