Инфрақұрылым – үнемі назарда

0 54

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұқаш Ескендіров жұмыс сапарымен ауданымызда болып, бірқатар құрылыс жұмыстарын аралады. Тұрғындармен де кездесті.

Алдымен депутат Бектөбе ауылын ауызсумен қамту жүйесін, Бәйтерек ауылындағы білім ордасының құрылыс жұмыстарын көрді.
Аталған нысандар толық аяқталған, ауызсу жүйесін іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Ал Бәйтерек ауылындағы білім ордасында тазалық жұмыстары үйлестірілуде.

Сондай-ақ Мәжіліс депутаты Айшабибі ауылындағы «Ализа» ЖШС-ның жылыжай кешенінің және «АзНұр» АШК 400 басты тауарлы сүт фермасының құрылыс жұмыстарын көрді.

Өз кезегінде Мұқаш Зұлқарнайұлы сапаға айрықша назар аудару, белгіленген уақытта аяқтау бойынша жауаптыларға мерзімді тапсырмалар берді.

Cапарының соңында Мәжіліс депутаты Аса ауылы тұрғындарымен кездесіп, «АГПЗ мұнай өңдеу» зауыты бойынша тұрғындардың талап-тілегін тыңдады.
Ауыл азаматтары зауыттан шығатын зиянды иіс мәселесін көтерді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.